Bauknecht BLIMS 9100 IXL Istruzioni per l'uso Pagina 28

  • Scaricare
  • Aggiungi ai miei manuali
  • Stampa
  • Pagina
    / 29
  • Indice
  • SEGNALIBRI
  • Valutato. / 5. Basato su recensioni clienti
Vedere la pagina 27
KK28
Басқару жүйесінің дəлдігін сынау
Функцияны таңдаңыз жəне сынақты «Preheating» (Алдын ала қыздыру) опциясы өшірілген (алдын ала қыздыру
белсендіріген кезде пешті басқару элементі қасақана температура профилінің ауытқуын тудырады) күйде ғана орындаңыз.
Тағам дайындау кестесін оқу əдісі
Кестеде бір немесе бірнеше сөреде бір уақытта дайындалатын əрбір берілген тағамға арналған үздік функция
көрсетілген. Дайындау уақыты алдын ала қыздыруды қоспағандағы (қажет болғанда), тағамның пешке салынған
уақытынан басталады. Дайындау температуралары жəне уақыттары тек нұсқау ретінде көрсетілген жəне тағамның
мөлшері мен пайдаланылатын керек-жараққа байланысты өзгереді. Ең төмен ұсынылған мəндерден бастап
пайдаланыңыз жəне тағам толық дайын болмағанша, жоғарырақ мəндерге ауысыңыз. Ұсынылған керек-жарақтарды
жəне мүмкіндігінше күңгірт түсті металдан жасалған торт қалыптары мен пеш тартпаларын пайдаланыңыз. Сондай-
ақ, пирекс немесе керамикадан жасалған тартпалар мен керек-жарақтарды пайдалануға болады, бірақ мұндай
жағдайда дайындау уақыты сəл ұзаратынын есте сақтаңыз. Үздік нəтижелерге қол жеткізу үшін түрлі сөрелерге
орнатылатын керек-жарақтарды (бірге берілген) таңдауға қатысты тамақ дайындау кестесінде берілген кеңестерді
орындаңыз.
Түрлі тағамдарды бір уақытта дайындау
«FORCED AIR» (КҮШЕЙТІЛГЕН ВЕНТИЛЯЦИЯ) функциясы көмегімен, əртүрлі сөрелерді пайдаланып бір уақытта
бірдей дайындау температурасын қажет ететін түрлі тағамдарды пісіруге болады (мысалы: балық жəне көкөністер).
Дайындау уақыты қысқа келген тағамды шығарып, дайындау уақыты ұзағырақ келген тағамды пеште қалдырыңыз.
Тəттілер
- Нəзік тəттілерді негізгі функцияның көмегімен тек бір сөреде дайындаңыз. Күңгірт түсті металдан жасалған торт
қалыптарды пайдаланыңыз жəне оларды берілген торлы сөреге орнатыңыз. Бірнеше сөреде дайындау үшін,
күшейтілген ауамен желдету функциясын пайдаланыңыз жəне ыстық ауаның оңтайлы айналымын қамтамасыз
ету үшін, торт қалыптарын сөреде шахмат тəртібімен орналастырыңыз.
- Көтерілген торттың дайындығын тексеру үшін ағаш тіс тазартқышт торттың ортасына салып көріңіз. Егер тіс
тазартқыштың беті таза болып шықса, торт дайын.
- Беті жабыспайтын торт қалыптары қолданылса оның беттеріне май жақпаңыз, торт беттерге жақын жерлерде
біркелкі көтерілмеуі мүмкін.
- Егер торт дайындау барысында «төмендеп кетсе», келесі рет қоспадағы сұйықтық мөлшерін азайтыңыз жəне
мұқият араластырып, төменірек температураны орнатыңыз.
- Сұйық салмасы бар тəттілер (чизкейк немесе жеміс бəліштері) үшін «КОНВЕКЦИЯЛЫҚ ПІСІРУ» функциясын
пайдаланыңыз. Егер торттың астыңғы жағы шикі болса, оны жоғарырақ сөреге орнатыңыз жəне салманы
қосудан бұрын торттың астыңғы жағына аунатылатын нан ұнтағын себіңіз.
Ет
- Дайындалатын еттің өлшеміне сəйкес келетін кез келген пеш тартпасын немесе пирекс ыдысын пайдаланыңыз.
Қуырылатын кесектерге татымды дəм беру үшін табаның төменгі жағына кішкене сорпа құю ұсынылады.
Қуырылып болған соң, етті пеште 10-15 минутқа қалдырыңыз немесе алюминий қақтамаға ораңыз.
- Етті қуыру қажет болғанда, біркелкі нəтижелерге қол жеткізу үшін қалыңдығы бірдей етті таңдаңыз. Еттің тым
қалың кесектері ұзағырақ дайындауды қажет етеді. Еттің сыртта күйіп қалуын болдырмау үшін тағам грильден
алыс орналасатындай етіп торлы сөрені төменірек орнатыңыз. Дайындау барысында еттің үштен екі бөлігін
аударып отырыңыз.
Тағам майын жинау үшін жарты литр сумен толтырылған төгу науасын ет сатылған грильдің астына орнату
ұсынылады. Қажетінше толтырыңыз.
Pizza (Пицца)
Пиццаның қытырлақ негізін жасау үшін науаларды сəл майлаңыз. Дайындаудың үштен екі бөлік уақыты өткен кезінде
пицца бетіне моцарелла ірімшігін себіңіз.
Rising function
Қамырды пешке салудан бұрын бетін ылғал матамен жабу ұсынылады. Осы функция көмегімен қамырды ашытуға
бөлме температурасында (20-25°C) ашытуға кететін уақыттың үштен бір бөлігі кетеді. 1 кг мөлшеріндегі пицца
қамырын көтеруге шамамен бір сағат кетеді.
Индукциялық режимде дайындау
- Біркелкі дайындау жылуымен қамтамасыз ету үшін дайындау ыдысын əрқашан индукциялық плитаның
ортасына орналастырыңыз.
ҰСЫНЫСТАР ЖƏНЕ КЕҢЕСТЕР
Vedere la pagina 27
1 2 ... 23 24 25 26 27 28 29

Commenti su questo manuale

Nessun commento